Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты

Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтуде. Қазақстандық Данияр Шамшаев финалға өте алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күресетін болады. Негізгі жекпе-жекте оған Муроджон Юлдашев (Өзбекстан) қарсы шығады.

Сондай-ақ, финалдық блокта Мөлдір Нарынова (63 келіге дейін) және Анастасия Маякова (70 келіге дейін) өнер көрсетеді. Олар қола үшін таласады.