Tartyl fest: Оралда турникке тартылу фестивалі өтеді

Республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі бүгін Орал қаласында жалғасады.

Шара мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмірге баулу. Ұйымдастырушысы – ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан мәлім еткендей, фестиваль жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де ҚР Тұңғыш Президенті алаңында басталады. Қатысушылар сағат 09:00-12:00 аралығында тіркеледі. Фестивальға 350-ден астам адам қатысуға ниет білдірген. Кеш қонағы – эстрада әншісі Айдана Меденова.