Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионатын жеңіп алды. Ол елордадағы турнирде екі жарым минутта жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24» Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда 21 жастағы Шамшаев өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен жекпе-жек өткізіп, 34 секундта жеңіске жетті.

Финалға дейін Шамшаев тағы үш жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңді: Нингтоужам Суреш Сингх пен Бехрузи Хожазодуға қарсы 42 секунд өткізсе, қырғызстандық Шыңғысхан Сағыналиевқа қарсы кездесу 31 секундқа созылған.