ӘЧ: жеңіл атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы олжалы оралды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Калиде (Колумбия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің спортшылар арасында үздік нәтижені Игорь Косолапов көрсетті. Ол биіктікке секіру жарысының финалына өтіп, 2,05 метр биіктікті бағындырып, 10-орынға ие болды.

Сондай-ақ спортшы Ясмина Тоқсанбаева 10 000 метрге жүгіруден 36-орынды, Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруде 18-орынды иеленді. Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жүгіруде 30-орынға тұрақтады.