Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

Шахматтан 18 жастағы қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Кеше Халықаралық шахмат федарациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі өтті. Шахматтан әлемнің 15-чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын тапсырды», - деді гроссмейстер.

Айта кету керек, Бибісара Асаубаева блицтен әйелдер арасында ең жас 2лем чемпионы. Бибісара 2021 жылдың 30 желтоқсанында Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен 2лем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті. Ол әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021).