Дзюдодан Азия біріншілігінде қоржынымызға тағы екі медаль түсті

Дзюдодан Азия біріншілігінде үшінші жарыс күнінде қазақстандық балуандар бір күміс, үш қола медаль алды, деп хабарлады prosports.kz.

Қазақстандық Ислам Бозбаев 100 келі салмақта Біріккен Араб Әмірлігінен келген Джафар Костоевқа жол берді. Ол қарсыласына небәрі бір ұпаймен жеңілді. Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Нұрлыхан Шархан (100 келі), Дидар Хамза (90 келі) және Аруна Жангелдина (78 келі) қола жүлдегер атанды.

Еске салайық, бұған дейін Данияр Шамшаев (73 келі) алтын, Абиба Абужақынова (48 келі) күміс, Мағжан Шәмшадин мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола медаль алған еді.

Азия біріншілігі бүгін мәресіне жетті. Құрлықтық додада Азияның 19 елінен келген 200-ден астам балуан 14 салмақта бақ сынады. Олардың қатарында еліміздің атынан 18 балуан қатысты.