17 жылдан кейінгі медаль: Қазақстан байдарка мен каноэде есуден «қола» алды

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан командасының спортшысы Виктор Степанов Канадада өтіп жатқан Әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, В.Степанов 200 метр дистанцияға каноэде есуде қола медаль жеңіп алды. Финалда оның көрсеткіші 39,44 болды. Бұл нәтиже оған 6-орын алып келді. Бірінші орынды поляк Олексий Колядич, екінші орынды неміс Нико Пикерт жеңіп алды.

«Айта кету керек, Степановтың медалі қазақстандықтар әлем чемпионатында жеңіп алған екінші жүлде болды. Бұған дейін құрамамыздың өкілі жеңіс тұғырына 17 жыл бұрын көтерілген еді. Онда Жеңіс Сатыбалдин жеңіске жетті. Ол 2005 жылы Степанов үздік болған дисциплинада үшінші орынға табан тіреді», - делінген Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарламасында.