Қазақстандық жасөспірімдер теннистен үздік төрттікке енді

 Теннистен Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы әлемнің үздік төрттігіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Чехияда өтіп жатқан барайқты бәсекеде отандастарымыз алдымен қазіргі әлем чемпиондары Италияны жолдан тайдырып, кейін Словения құрамасынан басым түскен. Алайда жартылай финалда Германиядан келген қарсыластарына жол берді. Ал қола жүлде үшін таласта АҚШ-тан айласын асыра алмады. Осылайша, мұндай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысқан қазақстандық жасөспірімдер дүбірлі доданы төртінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ...