Tour of Almaty 2022 веложарысы өтті

Алматылықтар үшін бұл веложарыс дәстүрге айналған. Осымен 7-рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек соңғы екі жыл пандемия кезінде өтпей қалды. Енді міне қайта жанданды. Сондықтан оған қызығушылық жоғары. Жарыс таңғы сегізде басталды. Ең алдымен 14 шақырым қашықтыққа жасөспірімдер  жүріп өтті. Олар мәрені бір сғатта бағындырды. Одан кейін 32 және 52 қашықтыққа қатысуатын велошабондоздар жолға шықты.

Иса Қалқа, ұйымдастырушы:

- Көбінесе басым бөлігі десек те болады Алматы қаласының тұрғындары және Қазақстанның өңірлерінен келіп жатыр. Кәсіпқойға жақын велоспортшылар десек те болады. Көрсетіп жатқан нәтижелері уақыты жаман емес. Өте жақсы жылдам келді. Әсіресе, мәреден Розыбакиев көшесімен артқа қарай жылдам жүрген кезде тамсанып қаласың жылдамдығына қарап.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл дода  халықаралық сипат алып жатыр. Оған қатысу үшін шетелден арнайы келгендер бар. Қазір мегополисте әуесқой велоспортшылар мен велоклубтар саны артып келеді. Мұны бүгінгі шарадан байқауға болады. 32 және 52 шақырымға шыққандар да мәрені сәтті бағындырды. Дегемен жарысқа байланысты ішінара жол жабылғандықтан кептеліс пайда болды.  Қоғамдық көліктің кестесінің өзгергенінен хабарсыз жолаушылар да кездесті.

- Жүргізуші айтқан жоқ. Ауысып міну арқылы келе жатырмын. 160 теңгем кетті.

- Көп болған жоқ. Қазір №79 автобусты тостып тұрмын. Қазір такси ұстаймын.

- Қалай айтсам екен. Баратын жеріме аздап кешігетін сияқтымын. Бірақ жарыс болған соң түсіністікпен қараймын.

Жол қозғалысы сағат түскі бірде толық қайта қалпына келді. Ал, мүлде соңында қалып қалғандарды автокөлікпен жеткізді.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Мұхит Құдықбаев, Әбен Нарымбаев