476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Велоспорт: Түркияда өткен жарыста Әлішер Жұмақан жеңіс тұғырынан көрінді

  • 184
  • UPD: 16:11, 07.08.2022
Велоспорт: Түркияда өткен жарыста Әлішер Жұмақан жеңіс тұғырынан көрінді ҚазАқпарат

Түркия елінде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстанның велоспорт құрамасы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті. Ерлер арасындағы жеке жарыста Әлішер Жұмақан жеңіс тұғырына көтерілді. Оның әріптесі Дмитрий Носков мәреге екінші келді. Дәл осы сайыс түрінен әйелдер арасында Рината Сұлтанова бірінші орын иеленген. Ал тағы бір қазақстандық Марина Кузьмина қола жүлде жеңіп алды.

Хабар 24 телеарнасы