Түркияда қол күресінен өткен жекпе-жекте жерлестеріміз жеңімпаз атанды

Бүгін Түркияның Стамбул қаласында бүкіл қол күрес әлемі асыға күткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған сайыста қазақ елінің атынан алғашқы жекпе-жекке шыққан Сарыбай Ердаулет қарсыласы әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, түркиялық спортшы Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңіп, ел намысын қорғады. Жарыстың ең басты сайысы Онғарбаев Қыдырғали мен Америка Құрама Штаттарының атақты спортшысы, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Джон Брзенк арасындағы жекпе-жек өте тартысты әрі қызықты өтті. 3-1 есебімен жеңіске жеткен жерлесіміз Қыдырғали ел абыройын асқақтатты.