476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада шаңғы роллерден ашық чемпионат өтті

  • 280
  • UPD: 10:45, 08.08.2022
Елордада шаңғы роллерден ашық чемпионат өтті

Шаңғышылар сайысы. Елордада шаңғы роллерден қалалық ашық чемпионат өтті.

Оған жергілікті спортшылардан бөлек Ақмола және Павлодар облысының құрамалары қатысты. Бас-аяғы 100-ден аса қатысушы 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Яғни алғашқы күні қашықтыққа жүгіру бәсекелері болды. Одан кейін сол аралықты шаңғы роллермен бағындырды. Чемпионат жасөспірімдер және ересектер арасында өтті. Яғни 7 жас деңгейі бойынша жүлдегерлер сарапқа салынды. Қатысушылардың ең кішісі 8 жаста. Шаңғы роллер шаңғы жарысының жазғы түрі және кешенді жаттығудың бір бөлігі санлады. Қалалық чемпионатта топ жарғандар бірер аптадан кейін Павлодарда өтетін республикалық жарысқа аттанады.

Бауыржан Сахарбаев, №2 олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы

Хабар 24 телеарнасы