Өскеменде М-15 сериясы бойынша үлкен теннистен турнир өтті

Өскеменде М-15 сериясы бойынша үлкен теннистен халықаралық турнир өтті. Австралия, Италия, Украина, Марокко, Өзбекстан мен Ресейдің ойыншылары қатысқан сайыста қазақстандық Григорий Ломакин жартылай финалға дейін жетті. Жарыс қорытындысында біздің үш спортшымыз үздік сегіздікке енді.

Андрей Гарибян, жарыстың бас төрешісі:

- Қазақстандық теннисшілер мені таңқалдырды. 10-15 жыл бұрын олардың қатары аз болатын. Кәсіби турнирлерден сирек көретін едік. Қазір жарысқа қатысып жатқан спортшылардың жартысына жуығын құрап отырмыз.

Игорь Дзабаев, ҚР Теннис федерациясының ШҚО филиалы директорының міндетін атқарушы:

- Біздің теннисшілер осы жолы керемет нәтиже көрсетті. Үш ойыншымыз үздік сегіздікке кірді. Бұл турнир деңгейінің жоғары екенін ескерсек, қуантарлық көрсеткіш.