Қазақстандық Александра Садуақасова сұрмергендер жарысында әлем чемпионы атанды

Жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсеке Францияда өтіп жатыр. Қазақстандық спортшы 10 метрлік қашықтықтағы жылжылмалы нысананы мылтықпен көздеу жарысына қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол іріктеу сындарынан-ақ барлық мүмкіндігін мүлт жібермей, өте жоғары көрсеткіштер тіркеді. Тіпті әлем рекордында да жаңартты. «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығының шәкірті жартылай финалда украиналық, ал финалда финляндиялық спортшылардан басым түсті. Қос кездесу де 6:2 есебімен аяқталды. Осының арқасында ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын түсіп, Қазақстан жалпыкомандалық есепте 4-орынға жоғарылады. Топ басында 3 алтыны бар Украина болса, Швеция мен Финляндия спортшылары үздік үштікті түйіндеп тұр. Олардың еншісінде, сәйкесінше, 2 және 1 алтыннан бар.