loader

Жерлестеріміз Азия чемпионатында топ жарды

Жерлестеріміз Азия чемпионатында топ жарды

Алматы облысында стенд атудан Азия чемпионаты және рейтингілік Гран-при аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың соңғы күні скиттен командалық жарыс өтті. Бұл сында Қазақстанның әйелдер құрамасы бірінші, ал ерлер құрамасы 3-орын алды. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде ұлдар да, қыздар да чемпион атанды. Бұған қоса, скиттің аралас түріндегі медальдар сарапқа салынған болатын. Нәтижесінде жастар арасында ел намысын қорғаған Александр Ещенко мен Анастасия Молчанова жұбы қола жүлдеге қол созды. Жасөспірімдер арасында ұлттық құрамадағы Илья Пеньков пен Әдел Садақбаева бірінші, ал Рақым Ассади мен Нұрай Жәнібекқызы екінші орынға тұрақтады. Жарыс қорытындысы бойынша рейтингілік турнирде Қазақстан құрамасы 10 медальмен 2-орынға жайғасты. Бірінші орында Қытай болса, Кувейт спортшылары үздік үштікті түйіндеді. 

Шейх Салман әл-Сабах, спорттық атудан азия конфедерациясының президенті:

– Алматыдағы жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Жалпы Қазақстан бұған дейін де стенд атудан халықаралық жарыстарын қабылдап келген. Бірақ биыл алғаш рет екі ауқымды доданы бірге ұйымдастырдық. Нәтижесі жаман емес. Алдағы уақытта осы тәжірибені жалғастырамыз. Өйткені бұл бапкерлерге де, спортшыларға да, қала берді халықаралық федерацияға да өте тиімді.

Сондай-ақ...