Серена Уильямс карьерасын аяқтамақ

Серена Уильямс спорттық карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Американдық теннисші бұл туралы сән журналына берген сұхбатында айтты.

«Әрі қарай не істеу керектігін шешетін сәт туады. Бұл өте қиын, әсіресе өз ісіңді жақсы көретін болсаң. Теннисті қаншалықты жақсы көретінімді көбісі түсіне бермейді. Бірақ кері санау басталды. Қазір бар назарды аяулы ана болуға арнауым керек. Өз-өзімді дамытуым керек. Алдағы бірнеше аптада барынша ләззат алуға тырысамын», – дейді теннисші.

Серена Уильямс әлемдік үздік теннисшілерінің бірі саналады. Ол Үлкен дулыға турнирлерінде 23 рет жеңген.

Сондай-ақ...