476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті

  • 157
  • UPD: 12:37, 10.08.2022
Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстандық Михаил Кукушкин Чикаго (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Кtf.kz.

Кукушкин бастапқы кездесуін америкалық Говинда Нандамен өткізді. Қазақстандық теннисші екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Михаил ширек финалға шығу үшін хорватиялық Борн Гойомен таласады. Ол әлемнің 102-ші, жарыстың 1-ракеткасы, швейцариялық Хенри Лааксоненді 3:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтып кетті.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко Чикагода америкалық Бен Шелтонға жол берді – 0:6, 6:7 (5:7).

Тимофей Скатов Сан-Марино челленджер жарысында италиялық Александр Вайстан ұтылып қалды – 3:6, 1:6.

Торонто мастерс додасында Юлия Путинцева жұптық сында америкалық София Кенинмен бірге алғашқы айналымда мажарстандық Анна Бондарь – бельгиялық Кимберли Циммерманнан басым түсті – 7:6 (12:10), 7:5.

Хабар 24 телеарнасы