«Астана» француз шабуылшысымен келісімшартқа отырды

«Астана» футбол клубы француз шабуылшысы Килан Лебонмен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Килан Лебон француз футбол мектебінің түлегі. Өз елінде «Амьен», «Париж», «Чембли» сынды клубтарда ойнаған. Либонның соңғы клубы болгариялық «Беро» болды, ол жерде футболшы екі маусым ойнады.

Елордалық клубта футболшы 19-нөмірмен өнер көрсетеді.