Торонтодағы турнир: Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонтодағы турнирдің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда отандасымыз испаниялық Паула Бадосамен кездескенде. Бірінші сетте жерлесіміз 7:5 есебімен жеңді, ал екінші сетте испаниялық теннисші кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды.

Беделді жарыстың ширек финалына шығу үшін Путинцева америкалық Элисон Рискемен кездеседі.