Ислам ынтымақтастығы ойындары: ауыр атлет Арли Чонтей алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Қоссайыс есебінде ол 253 (114+139) келі көтерді.

Екінші орынды Мансур Алсалим (Сауд Арабиясы) иеленді -252 (115+137) келі. Үздік үштікті 244 (110+134) келі көтерген Индонезиядан келген Ади Нугрохо тұйықтады.