«Қызылжар» да, «Тобыл» да жеңілді – футбол

Қазақстандық клубтар Еурокубоктың іріктеуінен аса алмады. Соңғы үміт Қызылжар және Тобылда болған. Олар Конференциялар Лигасының плей-оффына бір табан жақындады. Бірақ соңғы матчтарда есе жіберіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавлдық клуб елордада кипрлік АПОЭЛ-ды қабылдады. Матч ұрымтал сәтерге толы болды. Бірақ есеп ашылмады. Ал сырт алаңда өткен алғашқы ойында АПОЭЛ 1:0 есебімен жеңіске жеткен ед. Сәйкесінше, қос матч қорытындысы бойынша кипрлік клуб конференциялар лигасындағы бәсекені жалғастырады. Ал Қызылжар жарыс жолынан шығып қалды. Артынша қостанайлық Тобыл өз алаңында босниялық Зринскиймен кездесті. Бұл ойында қонақтар есеп ашты. 34-минутта Марио Чуже мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал екінші кезеңде Тобыл сапындағы Серже Дебле таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп: 1:1. Ал сырт алаңдағы алғашқы мачта 1:0 есебі тіркелген еді. Нәтижесінде босниялық команда келесі кезеңге жолдама алды. Ал Тобыл үшін Конференциялар Лигасы осы жерден аяқталды. Айта кетейік, осының алдында Астана мен Қайрат та қарсыластыран есе жіберіп, еурокубоктағы жарысты тоқтатқан еді.

АРЛИ ЧОНТЕЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қазақстандық ауыр атлет Ислам ынтмақтастық ойындарында топ жарды. 55 келіге дейінгілер арасында сынға түскен жерлесіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 253 келіні басынан асырды. Байрақты бәсекедегі басқа спортшыларымыздың көсерткіші және жалпы отандық спорттағы соңғы жаңалықтар алдағы топтамада.

ҚОРЖЫНЫМЫЗДА 16 МЕДАЛЬ

Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастық ойындары жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні жеңіл атлетика шеберлерінің бәсекесі өтті. Әсіресе 400 метрге жүгіру сынында қазақстандық Михаил Литвин алдына жан салмай, алтын жүлдегер атанды. Енді ол бүгін командалық эстафетаға қатысады. Бұған қоса, спорттық гимнасткиадан қазақстандық спортшылар 3 күміс пен 1 қола жеңіп алды. Атап айтқанда, жекелей сында Милад Карими, Нариман Курбанов және Дмитрий Патаниндер күміс жүлдеге қол созды. Нариман ат снарядында, Дмитрий еркін жаттығуда, ал Милад гимнастикалық кермеде өнер көрсеткен еді. Ал командалық жарыста осы үштік қола жүлде еншіледі. Еркін күрес шеберлері де қоржынға үш қола салды. Әсіресе жеңіл салмқатағы Рахат Калжан, орта салмақтағы  Адлан Аскаров және 97 келіде өнер көрсеткен Мамед Ибрагимовтар жеңіс тұғырынан табылды. Түркиядағы ойындар 19 тамызға дейін жалғасады.

 ПУТИНЦЕВА ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ 

Канаданың Торонто қаласында әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингілік турнирі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні қазақстандық Юлия Путинцева америкалық Элисон Рискемен кездесті.

Айта кетейік, Юлия әлемдік рейтингте 45-ші, ал, Элисон 35-ші тұр. Соған қарамастан жерлесіміз табандылық танытып, айқын басымдықпен ұтты. Қортытынды есеп: 6:3, 7:5. Ал, кездесудің өзі 1 сағат 37 минутқа созылды. Енді Юлия әлемдік рейтингтке 7-орында тұрған тағы бір америкалық Джессика Пегуламен жолығып, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Матч ертең өтеді. Қазақстандық теннисші осының алдында испаниялық Паула Бадосаны жеңді және спорт мамандары оған «сенсациялық жетістік» деген баға берді. Торонто қаласындағы турнирдің жалпы қорытындысы 14тамызда белгілі болады. Ал оның жүлде қоры 2 млн 527 мың доллар.