Юлия Путинцева Торонтодағы теннис турнирінің 1/4 финалына шықты

Әлемдік рейтингте 46-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты.

Путинцева 1/8 финалда америкалық Элисон Рискені (әлемнің 35-ракеткасы) 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 37 минутты құрады. Екінші сет барысында Путинцева 2:5 есебімен жеңіліп, бірақ қатарынан бес геймді ала білді. 

Енді 1/4 финалда қазақстандық спортшы итальяндық Камила Джорджиді үш сетте жеңген Джессика Пегуламен (АҚШ) кездеседі.