VIII Халықаралық армия ойындары ашылды

Қазақстандық сарбаздар биыл да халықаралық Армия ойындарында ел әскерінің атағын қорғайтын болады. Осымен 8-мәрте өткелі тұрған халықаралық жарысқа осы жолы 35 мемлекет қатыспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғаш рет Сауд Арабиясы мен  Венесуэла елдерінің сарбаздары бақ сынайды. Жалпы халықаралық Армия ойындары 13 мемлекеттің әскери полигонында өтпек. Дәл қазір Қазақстанда өтетін кезеңдердің ашылу салтанаты басталды. Салтанатты жиын барысынан тілшіміз Риат Шони тікелей байланысқа шығып, ойын жайлы толық айтып беруге әзір. Риат, қайырлы күн! Армия ойындарының қандай конкурстары Қазақстанда өткізілмек?