Қазақстандық зілтемірші Зульфия Чиншанло Ислам ойындарының жеңімпазы атанды

Түркиядағы байрақты бәсекеде отандасымыз 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 220 келіні (95+125) бағындырып, алтын медаль иеленді.

Спортты дамыту Дирекциясының мәліметінше Чиншанло екінші орын алған атлеттен 18 келі көп көтерген.