Қазақстанның жастар құрамасы Ресей және Беларусьпен жолдастық матч өткізеді

20 жасқа дейінгі Қазақстан футбол құрамасы қыркүйек айында екі жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Алдымен 24 қыркүйекте Ресеймен, артынша 27 қыркүйек күні Беларусь құрамасымен жолдастық матч жоспарланған. Екі ойын да Минск қаласында өтеді.