Ислам ынтымақтастығы ойындары: Ауыр атлет Өтепберген Әлиев қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық зілтемірші Өтепберген Әлиев Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші болды. Қоссайыс қорытындысы бойынша спортшы 271 (120+151) келі көрсетті.

Айта кетейік, Арли Чонтей бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.