Қазақстандық жүзуші ИЫО додасында алтын алды

Аделаида Пчелинцева Ислам ынтымақтастығы ойындарында рекорд орнатып, жүзуден "алтын" алды.

Қазақстандық спортшы 50 м қашықтықта брасс әдісімен үздік өнер көрсетті. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Финалда ол мәреге 31 секундта жетті. Бұл рекорд. Жалпы Түркиядағы жарыста қазақстандықтар 13 "алтын" иеленді.