Елордада кубик жинаудан Азия чемпионаты өтті

Елордада кубик жинаудың үздіктері анықталды. Спидкубиктен Азия чемионатына әлемнің 13 елінен 116 азамат келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішінде Жапония, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де елдің мықтылары бар. Шапшаң ойлы әрі епті қыз-жігіттер кубикті 17 түрлі әдіспен жинайды. Көзін жұмып, топпен, жұппен, жекелері бар. Ең жас қатысушы 7-де, ал ең үлкені 54 жаста. Дегенмен басым бөлігі 14-25 арасындағы оқушылар мен студенттер. Жарыстың жалпы жүлде қоры 9 мың доллар. Айта кетйік, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жылдамдыққа кубик жинау жарысын өткізу мәртебесін жеңіп алған алғашқы мемлекет.

Әли Ахатов, жарысқа қатысушы:

- Жалпы Қазақстан 2017 жылдан бастап бірінші жарыс өткізді. және көбісі жақсы нәтижелерді көрсетті. Сол кезде біздің рекордымыз 9 сек болды. қазақстандықтарға ол ең тез болып саналды. Қазір біздің рекордымыз 6,65 сек. Әр қатысушы осыдан асрыуға тырысып жатыр. Олар күнініе әр дессиплинадан 200-300 рет жинайды.