476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырауда «Atyrau Chess Festival 2022» халықаралық шахмат фестивалі басталды

  • 221
  • UPD: 09:33, 17.08.2022

Атырау қаласында «Atyrau Chess Festival 2022» атты алғашқы халықаралық шахмат фестивалі басталды. Бақтарын сынауға 260 талапкер ниет білдірген. Ең кішкентай шахматшы 4 жаста.

Жалпыға арналған шаршы тақтадағы сайысты тамашалуға келгендердің қарасы қалың. Ал бақтарын сынауға 260 талапкер ниет білдіріпті Олардың жасы 4 пен 75 жас аралығын қамтиды. Сондай-ақ халықаралық турнир болғандықтан оған АҚШ, Нидерланд, Литва, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей секілді алыс-жақын шетелдердің ойыншылары шақырылған. Ойын швейцариялық жүйе бойынша бағаланатын үш негізгі турнирден тұрады. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараны шетелдік шахматшылар да жоғары бағалап отыр. 

Тимур Гареев, АҚШ шахмат федерациясының өкілі:

- Керемет турнир. Ұйымдастырылуы да, жастардың құлшынысы да жоғарғы деңгейде екенін айтқым келеді. Бұл фестивальге мені Динара Сәдуақасованың өзі шақырды, бұл да мен үшін үлкен жетістік. Осындай басқосулар жиі болғанын қалаймын. Оның шеберлік шыңдап, бірі-бірімізбен жақын танысуға пайдасы зор. 

Турнирдің ашылу салтанатында шараны ұйымдастырушы Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты келді.  Оны өңір басшысы салтанатты түрде табыс етті. 

Динара Сәдуақасова, шараны ұйымдастырушы:

- Үлкен той, үлкен шахмат ойынын биыл өткізіп жатырмыз Атырау қаласында. Мүмкін біз жыл сайын осындай үлкен шахмат фестивалін өткіземіз. Біздің ерлер тобы жақсы ойнады Үндістанда 17-ші орын алды. Қыздар да өте жақсы ойнады 5-орын алды. Сондықтан әрине бізде құазір Қазақстанда шахмат өте жақсы деңгейде.  

Фестиваль Қазақстанда шахматты спорт түрі ретінде танымал ету және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін арттыру мен жас таланттарды іздеу мақсатын көздейді. Жалпы Атыраудағы шаршы тақта шеберлерінің фестивалі 24 тамызда мәреге жетеді. 

Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы