Хоккейден Президент кубогін «Барыс» жеңілуден бастады

Президенті кубогі басталды. Жылдағы дәстүр бойынша Құрлықтық Лиганың үздік командалары елордаға жиналды.

Биыл байрақты бәсекеге жергілікті «Барыстан» бөлек  Ресейдің «Нефтехимик», «Автомобилист» және «Металлург» командалары қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күні «Барыс» «Автомобилист» клубымен жолықты. Есепті алаң иелері ашты. «Барыстың» капитаны болып тағайындалған Никита Михайлис сан басымдығын пайдаланып, мүмкіндігін мүлт жібермеді. Дәл осылай сан басымдығы кезінде елордалық клуб сапындағы Джереми Бракко мен Энтони Луиста да бір-бір голан соқты. Ал қонақтар матч соңына дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Кейін қос тарап қосымша уақытта өзара мықтыны анықтады. Бұл сында «Автомобилист» хоккейшісі Виктор Неучев мергендігімен көзге түсіп, өз командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп: 4:3. Енді «Барыс» бүгін «Нефтехимикпен», ал ертең «Металлургпен» ойнайды.

Сондай-ақ...