476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Исламияда отандастарымыз үш алтын алды

  • 188
  • UPD: 22:12, 17.08.2022
Исламияда отандастарымыз үш алтын алды

Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел құрамасы қоржынына тағы үш алтын медаль түсті.

Кикбоксингте 51 келіде сынға түскен Нұрсұлтан Жұмабаев жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда өзбекстандық қарсыласын қапы қалдырып кетті.

Сондай-ақ аталған жарыс түрінен Әлихан Оздоев (67 келі), Марат Өсіпов (71 келі) алтыннан алқа тақты.

Ал спорттық гимнастикадан қыздар командалық есепте үшінші орынға табан тіреді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталған, 18 тамызда аяқталады.

 

Хабар 24 телеарнасы