loader

Елордада жас таланттар кәсіби футболшыларды жеңді

Елордада жас таланттар кәсіби футболшыларды жеңді

Бүгін «Астана Арена» стадионында ауыл-аймақтың дарынды жастарынан құралған «Супер бол» командасы «Жеңіс» футбол клубымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, қос команда тең ойын көрсеткен. Алайда пенальти сериясында «Супербол» командасы басым түсіп, 6:5 есебімен жеңісті жұлып алды. Бұл матч арман қуған әуесқой футболшылардың кәсіби спортқа өтуіне таптырмас мүмкіндік. Жобаның мақсаты да - осы болатын. Әу баста еліміздің түкпір-түкпірінен 6 мыңға жуық жас талантты жинаған жобаның шешуші ойынына 25 спортшы қатысты. Матчқа 60-тан аса скаут келді, олардың арасында шетелдік белді клубтардың мамандары да бар. Олар ойын барысын бақылап, өздерінің көңілінен шыққан спортшыға кәсіби келісім шарт ұсынатын болады. Доп додасына әлемнің үздік төрешілерінің бірі Равшан Ирматов төрелік етті. 

Сондай-ақ...