Хабиб Нурмагомедов елордаға келді

UFC бұрынғы чемпионы, Eagle FC промоушнының жетекшісі Хабиб Нурмагомедов қазақстандықтарға үндеу жасады.

«Нұр-Сұлтан, әрине, соңғы бес-алты жылда көп өзгерді, мен мұнда бірінші рет келіп тұрған жоқпын, өзгерістерді әр келген сайын байқаймын. Қазақстанның барлық тұрғындарына сәттілік және денсаулық тілеймін! Мерейтойлық турнир өтетін «Барыс Аренада» кездескенше», – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 21 тамызда өтетін Eagle FC турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай жартылай ауыр салмақта ресейлік Константин Адрейцевпен чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады.

Бұған дейін Eagle FC промоутерлік президенті Шамиль Завуров Хабиб Нурмагомедовтың матчтар мен жекпе-жектерді жұптастыруға қатысуы туралы айтқан болатын.