loader

Қазақстан ФИФА рейтингінде орнын сақтап қалды

Қазақстан ФИФА рейтингінде орнын сақтап қалды

Қазақстан 114-орында. Халықаралық футбол федерациясы ұлттық құрамалардың ойындарын сараптап, әлемдік рейтингті жаңартты.

Оған сәйкес, Магомед Адиев баптайтын жігіттер 114-орнын сақтап қалды.  Жерлестеріміздің еншісінде 1166 ұпай бар. Топ басына 1837 ұпаймен Бразилия құрамасы жайғасты. Үздік үштікті Бельгия мен Аргентина түйіндеп тұр. Ұлттық құрама келесі кездесуін 22 қыркүйекте өткізеді. Ұлтар Лигасы топтық кезеңі аясында өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдайды. Артынша сырт алаңда Әзірбайжанмен қарымта матч бар. Бұған дейін жігіттер сенсациялық жеңістерге жетіп, 10 ұпаймен өз тобының бірінші сатысына шықты. Бізден кейін 6 ұпаймен Словакия және 4 ұпаймен Әзербайжан келеді. Күні кеше ұлттық құрама Біріккен Араб Әмірліктері командасымен жолдастық кездесу өткізетіні белгілі болды. Матч 20 қарашада Абу-Даби қаласында болады деп жоспарланып отыр. 

«Астана» шабандозы 17-орында. Испанияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік өтіп жатыр. Вуельта Испания бәсекесі биыл 3200 шақырымға созылады. Жарыстың кезекті, яғни 6-кезеңінде шабандоздар 181 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде австралиялық Джей Вайн мәре сызығын бірінші болып кесті. Ол аталған аралықты 4 сағат 38 минутта жүріп өтті. Ал қазақстандық клуб сапынан ең тәуір көрсеткішке Мигель Анхель Лопес қол жеткізді. Колумбиялық легионер жеңімпаздан 1 минут 50 секундқа қалып, 16-шы орынға тұрақтады. Ал жалпы есепте Лопес 17-ші болып тұр. "Астана» командасының қалған мүшелері тіптен төмен орналасқан. Алда әлі 15 кезең бар. Вуельта Испания жарысы 11-ші қыркүйкке дейін жалғасады.

Сондай-ақ...