Алматыда әмбебап жекпе-жектен ел кубогі өтті

Алматыда әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы үшін сайыс өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Көк түрік тарландары» атты үш күндік байрақты бәсекеде 260-қа жуық спортшы бақ сынады. Елдің әр өңірінен іріктелген спортшылар мен сарбаздар арасынан топ жарған жеңімпаздар Азия чемпионатына, әлем чемпионатына жолдама алады. Әмбебап жекпе-жектің басты артықшылығы әскери шеберлікті талап етеді. Яғни кез келген спортшы Отанын қорғауға дайын болуы керек. Сондықтан да сайыс әскери шеберлік пен жекпе-жек сынды екі кезеңнен тұрады.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әмбебап жекпе-жек федерациясының президенті:

– Бұл әскер саласына өте жақын. Пышақ лақтырып, кедергілерден өтіп, атып сосын барып төбелеске шығып жатқаны бұл әлемдік деңгейдегі осындай көрсеткіш. Әскер сапындағы азаматтардың санатын толтыру үшін осы жігерлі спортшыларды сол қарулы күштерге дайындаудамыз.