Елордада мыңға жуық адам велошеруге қатысты 

Конституция күніне орай елордада велошеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұқаралық шараға мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында велоспортпен айналысатын жасөспірімдер мен жасы жетпісті алқымдаған әуесқой велошабандоздар да бар. Қатысушылар 20 шақырым қашықтықты Қосшы айналма веложолдан бастап, Үркер елді мекеніне дейін жүріп өтті. Ал мәреге жеткендер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылды. Әрбір қатысушы өз көлігімен келген. Шеру соңы мерекелік жиынға ұласады. Қала тұрығындары мен қонақтары кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынайды.

Айнаш Джунусова, көп балалы ана:

– Спорттық іс шараларға көптеп қатысып тұрамыз. Ең бірінші 2021 жылы Байқоңыр ауданыны әкімдігінде «Спорт в моей семье» деген іс-шара болған, сол кезде біз жолдасымызбен, балаларымызбен қатысып, үшінші орын алғанбыз. Содан кейін марафон жүгіреміз. Жолдасым 21 км, мен 10 км. Қыстың күні шаңғы тебеміз. Бүгін 20 км Алла жазса, велосипедпен өтіп шығамыз.