«Канело» Головкинді мерзімінен бұрын жеңбек

«Канело» Головкинді мерзімінен бұрын жеңбек

Екінші орта санаттағы абсолютті әлем чемпионы Сауль Альварес Геннадий Головкинді 17 қыркүйекте өтетін трилогияның соңғы бөлігінде мерзімінен бұрын жеңуге бел буғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sports.kz сайтында жарияланды.

«Канело» GGG-мен шайқаста мамыр айындағы Дмитрий Биволдан жеңілісін жуып-шайып, өз дивизионындағы барлық негізгі атақтарды қорғауға ниетті.

«Мен бұл жекпе-жекке дайынмын. Рингке шығуды асыға күтемін. Әрқашан қапталмен жұмыс істеймін әрі көп жаттығамын. Барлық дағдымды көрсетіп, жұмысымды орындағым келеді. Басқа боксшылардың Головкинмен қалай жұдырықтасқанын көргім келмейді. Өйткені бұл мүлдем басқаша. Біздің стиліміз әртүрлі. Мен жай ғана сол жерде болып, өз ісімді жасағым келеді. Мен үшін бұл жекпе-жекті сенімді түрде жеңу өте маңызды. Жеңілістен кейін маған күшті болып оралу маңызды. 12-ші раундқа дейін жеңгім келеді. Бұл менің мақсатым», — деді «Канело» Fight Hub TV-ға берген сұхбатында.