Жәнібек Әлімханұлы: Қазақ стилін тарихта қалдырам

Төрт салмақта әлем чемпионы атанып, қазақ стилін тарихта қалдырам. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белдікті алғаннан кейін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, жерлесіміз жуырда ғана WBO тұжырымы бойынша әлем үздігі болды. Өйткені оның басты қарсыласы және осы белдіктің бұрынғы иегері Деметриус Андраде титулдан бас тартты. Америкалық боксшы оны салмағын ауыстыратынымен түсіндірді.Ал, Жәнібек алдағы жылы 4 чемпиондық белдікті біріктіруді көздейді. Осы мақсатта ең алдымен америкалық Джермалл Чарломен жұдырықтасып, WBC тұжырымы бойынша топ жаруды жоспарлап отыр. Орта салмақтағы қалған 2 белдік, яғни, WBA және IBF белдіктері қазір тағы бір қазастандық Генадий Головкинннің қолында. Жәнібек ең соңғы рет мамыр айында жұдырықтасты. АҚШ төрінде британдық Дэнни Дигнумды жеңіп, кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 12 жекпе-жек, 12 жеңіске жеткізді.

СТЕНД АТУДАН ЕЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Ел үздіктері анықталды. Елордада стенд атудан Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Байрақты бәсеке атудың скит және спортинг түрлері бойынша өткен еді. Оған бас-аяғы 100-ден аса спортшы жиналып, аптаға жуық өзара сынға түсті. Нәтижесінде, ерлер арасында Эдуард Ещенко, Андрей Фролов және Давид Почивалов сияқты спортшылар жүлдегер атанды. Әйелдер арасында Зоя Кравченко алдына жан салмады. Ал, спортинг түрінде елордалық Қуаныш Күшекбаев жеңімпаз болды. Бұған қоса, стенд атудың командалық және аралас бағыттары бойынша да медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Байрақты бәсекеде жасөспірімдер де бақтарын сынап, шеберлік шыңдауға мүмкіндік алды. Енді осы сұрмергендер қарашада тағы бас қосып, Қазақстан кубогының шешуші, яғни,төртінші кезеңіне қатысады. Аталған жарыстар қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, Хорватияда өтетін лицензиялық әлем чемпионатына аттанады.

Андрей Могилевский, «Нұр-сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығының директоры:

Жарыс барысында қыз-жігіттердің бабын байқадық. Олардың ізін басып келе жатқан жас спортшылар да назарда болды. Жалпы алғанда отандық стэнд атудың деңгейі өскен. Енді ең үздік нәтиже көрсеткендерді барынша қолдап, әлемдік жарыстарға жол ашу мақсаты тұр.  Өйткені, бұл олимпиадалық бағыт саналады. Сондықтан, оның дамуына жан-жақты үлес қосу керекпіз.

ҚАЗАҚСТАН ЖАПОНИЯҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Қазақстан Жапониядан жеңілді. Баскетболдан 2023 жылғы әлем кубогына іріктеу жалғасып жатыр. Оның аясында ұлттық құрама бұл жолы сырт алаңда жапон жігіттерімен жолықты. Жерлестер ойынның алғашқы кезеңіндерінде қарсыласпен иық тірестіріп, бір ұпай ғана артта келе жатты. Тіпті, үшінші кезеңде есепті теңестірген де болатын. Өкінішке қарай, соңғы кезеңде алаң иелері басымдық танытып, 13 ұпай алға шықты. Матчтың өзі 48:73 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан  Антон Быков ең үздік ойыншы атанды. Ол 18 ұпай еншіледі. Айта кетейік, ұлттық құрама бірер күн бұрын елордада Қытай құрамасын қабылдап, 56:68 есебімен жеңілген болатын. Олег Киселев баптайтын жігіттер F тобында өнер көрсетіп жатыр. Бұнда Қазақстаннан бөлек,Аустралия, Қытай, Иран және Бахрейн бар. Біздің команда әзірге Иранмен бірдей ұпай жинап, турнир кестесінің үшінші сатысында тұр.

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ АЛДЫҢҒЫ ОНДЫҚТА

«Астана» шабандозы алдыңғы ондықта. Испанияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік өтіп жатыр. Вуельта Испанияның кезекті, яғни, 10-шы кезеңінде шабандоздар 30 шақырымдық жекелей сынға қатысты. Нәтижесінде бельгиялық Ремко Эвенепул үздік нәтижені тіркеді. Ол аталған аралықты 33 минут 18 секундта бағындырды. Ал, «Астана» сапындағы Мигель Анхель Лопес кезең қорытындысы бойынша 9-шы сатыға тұрақтады. Ол жеңімпаздан 1 минут 43 секундқа қалып қойды.Осының арқасында Лопес жалпы есепте 8-ші орынға көтерілді. Алда әлі 11 кезең бар. Вуельта Испания жарысы 11-ші қыркүйкке дейін жалғасады.Биылғы бәскеде шабандоздар бас-ағы 3200 шақырымды жүріп өтуі керек.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕДЕРАЦИЯНЫ СОТҚА БЕРДІ

Ниджат Рахимов  халықаралық федерацияны сотқа берді. Допингпен ұсталған қазақстандық спортшы әлемдік ұйымнының шешімімен келіспей, оған қарсы арыз қалдырды.  Бұл жөнінде media.az сайтына сілтеме жасап, Bassport.kz порталы хабарлайды.Айта кетейік, Ниджат 2016 жылы Рио Олимпиадасының чемпион атанған болатын. Бірақ 2021 жылдың қаңтарында Халықаралық допингті тексеру агенттігі Рахимовтан алынған зәр сынамасы ауыстырылғанын мәлімдеді. Соның негізінде халықаралық спорттық арбитражды сот оны 8 жылға спорттан шеттетіп,2016 жылдан бергі нәтижелерін жоққа шығарды. Сәйкесінше. олимпиада алтынын да айырылды. Алайда, Рахимов мемлекеттен алған қомақты сыйақысын қайтармады. Қазір ауыр атлетика ұйымы да Ниджаттың үстінен  арыз қалдырды. Аталған шағымдарды сот 22-ші қыркүйекте қарайды.