Қостанайдағы өрт: футболшылар да зардап шеккендерді қолдайды

Қостанайдағы өрт: футболшылар да зардап шеккендерді қолдайды

Қостанай облысындағы жағдай отандық спортшыларды да бей-жай қалдырмады. Мәселен, футбол билеттерінің сатылымынан түскен қаржы өрттен зардап шеккендерді қолдауға жұмсалмақ. Бұл жөнінде «Ақтөбе» клубының басшысы Ерлан Жамантаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Турнир тізімінің бірінші сатысында тұрған «Ақтөбе» бүгін «Қызылжар» командасымен жолығады. 18-тур аясындағы мачтар негізі кеше басталып кетті және ең тартысты кездесулердің бірі Шымкентте болды. Жергілікті Ордабасы күтпеген жерден Тұранға жол берді. Қонақтар сапынан Бекзат Қабылан есеп ашты. Ал оның командаласы Олжас Керімжанов бірінші кезең соңына дейін таблодағы көрсеткішті еседі. Ал алаң иелері сапынан Эльхан Астанов қана 1 гол соғып, есеп айырмасын қысқартты және ойын соңына дейін нәтиже өзгермеді. Қорытынды есеп: 2:1. Бұған қоса, кезекті тур аясында Шахтер өз алаңында Таразды 1:0 есебімен ұтты. Атырау мен Ақсу да өз алаңдарында жеңіске жетіп, кезекті 3 ұпайға қол жеткізді. Қазір жалпы есепте Ақтөбе бірінші, Астана екінші, ал, Тобыл, үшінші тұр. Аталған командалар бүгін ойнайды. Шахтер осы жолғы жеңісінің арқасында алдыңғы 5-тікке кірді және алматылық Қайратпен ұпай көрсеткіштері бірдей. Ал Тұранға есе жіберген Ордбасы әзірге 6-сатыда.

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ ҮШІНШІ ОРЫНДА

«Астана» шабандозы үшінші орында. Испанияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік жалғасып жатыр және жарыстың соңына қарай қазақстандық клуб мүшелері белсенділік танытып, топ басына көтеріліп келеді. Мәселен, Вуелта Испания бәсекесінің кезекті, яғни, 15-кезеңінде қатысушылар 152 шақырымды бағындырды. Бұл сында нидерландылық Тимен Аренсман алдына жан салмады. Ол аталған аралықты 4 сағат 17 минут 17 секуендта бағындырды. Ал, «Астана» сапындағы Мигель Анхель Лопес  жеңімпаздан 1 минут 25 секундқа кешігіп, мәре сызығын 3-ші болып кесті. Соның арқкасында Лопес жалпы есептегі жағдайын да жақсартты. Қазір ол 6-шы сатыға көтерілді және тізім басындағы Ремко Эвенепулдан 5 минут 24 секунд кешігіп келеді. Алда әлі 6 кезең бар. Испаиядағы велодода 11-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

Мигель Анхель Лопес, «Астана» клубының мүшесі:

– Күн өткен сайын ағзаға түсетін салмақ артып, физикалық және психологиялық тұрғыда шаршай бастаймыз. Бірақ, бұл жолы өзіме үлкен мақсат қойып отырмын. Кезең қортындысы бойынша да, жалпы есептегі көрсеткіште де топ басына шыққым келеді. Осы мотивация қосымша күш беріп жатыр. Қазір бабым жақсы. Алдағы кезеңдерде аянып қалмаймын және мақсатыма жету үшін барымды салам.

КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАС БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Келесі қарсылас белгілі. Қазақстандық Айдос Ербосынұлы WBA World чемпиондық белдігінің иегері кубалық  Давид Моррелмен жолығады. Бұл жөнінде жерлесіміз әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Айдос қазір WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингтің бірінші сатысында тұр және әлем чемпионы атануға негізгі үміткерлердің бірі саналады. Бүгінге дейін ол 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Тіпті 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал қарсыласының көрсеткіші 7 жекпе-жек, 7 жеңіс. Енді екеуі қарашада өзара мықтыны анықтамақ. Жекпе-жек кеші АҚШ-та өтеді жеп жоспарланып отыр және ол 12 раундқа есептелген. Айдос ең соңғы рет өткен жылдың күзінде жұдырықтасты. Елорда төрінде гаяналық Леннокс Алленді нокаутпен жеңген болатын. Одан кейін АҚШ-та мексикалық Сауль Алварес командасымен бірге шеберлік шыңдады. Тіпті Канелоға сппарринг қарсылас та болды. Алдағы кездесуде кубалық боксшының чемпиондық белдігі сарапқа салынады деген ақпарат бар.