Ұлттық құрама Ұлттар лигасының кезекті матчтарына дайындықты бастады

Ұлттық құрама Ұлттар лигасының кезекті матчтарына дайындықты бастады

33 ойыншы шақырту алды. Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының кезекті матчтарына дайындықты бастады.

Бас бапкер Магомед Адиев жаттығу жиынына келетін жігіттердің тізімін жариялады. Оның ішінде өткен ойындарда ел намысын қорғаған спортшылардан бөлек Ресей чемпионатында доп тебетін Марат Быстров пен Бахтиер Зайнутдинов бар. Бұған қоса, шетелдік клубта ойнатын Ян Вороговский де бұл жолы жасыл алаңға шығуы мүмкін.Оқу-жаттығу жиыны

14 қыркүйекте басталады. Алғашқы ойын да осы жерде өтедін. Ұлттық құрама 22 қыркүйекте Беларусь командасымен кездеседі. Артынша, яғни 25 қыркүйекте сырт алаңда Әзірбайжанмен ойнайды. Айта кетейік, бұған дейін жігіттер сенсациялық жеңістерге жетіп, 10 ұпаймен өз тобының бірінші сатысына шықты. Бірақ, әлемдік рейтингтегі орны өзгермеді. Қазақстан құрамасы жуырда ғана жаңартылған тізімде 114-орында тұр. Жерлестеріміз бүгінге дейін1166 ұпай еншіледі. 

Қоржынымызда 1 күміс пен 2 қола. Қазақстандық паратаэкондошылар әлемдік-гранприде сәтті өнер көрсетті. Байрақты бәсеке Париж қаласында өтті және ол 2024 жылғы паралимпиада алдындағы негізгі рейтингілік жарыс саналады. Дүниежүзілік додаға 25 елден 100-ге жуық спортшы қатысуға мүмкіндік алды. Араларында 4 жерлесіміз бар. Оның 3-еуі жеңіс тұғырынан табылды. Атап айтқанда, 80 келідегі Нұрлан Домбаев  финалға денйін жетіп, соңғы сында ғана есе жіберді. Ал, ауыр салмақтағы тағы бір қазақстандық Өмірәлі Нышан қола жүлдегер атанды. Кейін дәл осындай жетістікке әйелдер арасында Кәмиля Досмалова қол жеткізді. Ол 57 келіге дейінгілер арасында сынға түсекен еді. Әлемдік Гран-При 3 сериядан тұрады. Яғни біріншісі Болгарияла өтсе, екіншісін Франция қабылдады. Енді ұлттық құрама қазан айында Англияда болатын шешуші кезеңіне қатысады.

«Астана» шабандоздары көрсеткішін жақсартты. Бір күндік үзілістен кейін Вуэльта Испания веложарысы қайта жанданды. Кезекті, яғни, 16-кезеңде спортшылар 189 шақырымды жүріп өтті. Нәтижесінде даниялық Мадс Педерсен мәреге бірінші жетіп, кезең жеңімпазы атанды. Ол жоғарыдағы аралықты 4 сағат 45 минут 29 секуендта бағындырды. «Астана» сапынан ең тәуір көрсеткішке Самуэле Баттистелла қол жеткізді. Ол жеңімпаздан 8 секундқа кешігіп, 6-сатыға тұрақтады. Ал қазақстандық клуб үздігі Мигель Анхель Лопес бұл жолы 17-ші көрскеткішке ие болды. Соған қарамастан жалпы есепте 1 саты  жоғарылап, 6-шы орынға жайғасты. Қазір ол топ басындағы Ремко Эвенепулдан 5 минутқа кешігіп келе жатыр. Алда әлі 5 кезең бар. Испаниядағы дәстүрлі велодода 11 қыркүйекке дейін жалғасады.