Теннис: әлем үздіктері елордаға жиналады

Тура бір айдан кейін Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының рейтингілік турнирін қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекшелігі сол – оған төрткүл дүниеге танымал Даниил Медведев, Карлос АлькарАс, СтЕфанос ЦиципАс, Феликс Оже-АльяссИм және Хуберт Хуркач сияқты спортшылар қатысады. Аталған жігіттер қазір әлемдік рейтингтің алдыңғы ондығында тұр. Бұған қоса, үлкен дулыға турнирлерінің 3 дүркін, олимпиада ойындарының 2 дүркін чемпионы, бір кездері әлемдік тізімнің топ басында болған британдық Энди Маррей де елордадағы турнирде бағын сынайды. Ал еліміздің намысын Александр Бублик пен Михаил Кукушкин қорғайды. Сонымен қатар, қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сынға қатысады. ATP 500 санатындағы жарыс қазанның 1-і мен 9-ы аралығында елордадағы теннис орталығында өтеді.