loader

УЕФА Чемпиондар лигасы: алғашқы мачтар басталды  

УЕФА Чемпиондар лигасы: алғашқы мачтар басталды  

Сенсацияға толы тур. Футбол жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүрген Чемпиондар лигасында күтпеген нәтижелер тіркеліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Топтық кезең аясында бірнеше команда алғашқы мачтарын өткізді. Ең татыстысы Италияның Неаполь қаласында болды. Жергілікті Наполи клубы англиялық Ливерульді қабылдап, 4:1 есебмен жеңіске жетті. Алғашқы голды алаң иелері сапындағы Пётр Зелиньски соқты. Ол 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Артынша командаласы Андре Замбо Ангисса есеп айырмасын еселеді.

Наполи ойыншылары кейін тағы да 2 рет мергендігімен көзге түсіп, айқын басымдық танытты. Ал қонақтар сапынан Луис Диас қана қарымта бір гол соқты. Бірақ бұл жалпы нәтижеге еш әсер ете алмады

Осылайша, Наполи алғашқы 3 ұпайына қол жеткізді. Ал, кездесудің фаворті саналған Ливеруль ұпайсыз қалды. Топтық кезең аясындағы қалған мачтар 13-ші және 15-ші қыркүйекте болады.

СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ  

Араға бірер апта салып сұрмергендер қайтадан сынға түсті. Шымкентте стенд атудан Қазақстан чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 140-қа жуық спортшы жиналды. Енді олар 6 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Нәтижесінде, үздік спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындалады дейді спорт және денешынықтыру істері жөніндегі комитеттің төрағасы Самат Ерғалиев. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін қатысушылар іріктеу сындарына ден қойды. Жарыс ерлер және әйелдер арасында өтіп жатыр. Оның жалпы қорытындысы 12 қыркүйекте белгілі болады.

Айта кетейік, осыдан бірер апта бұрын елордада стенд атудан Қазақстан кубогі, ал оның алдында Алматыда Азия чемпионаты өткен болатын.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Әлем чемпионатына тас түйін дайын. Грек-рим күресі бойынша ұлттық құрама жастармен бірігіп, Алматы маңындағы олимпиадалық даярлау орталығында екі апта бойы тер төкті. Өкініштісі сол нағыз бабында жүрген Мейіржан Шермаханбет күтпеген жерден жарақат алып, жарыстан шет қалды. Сондай-ақ 97 келіде Олжас Сырлыбай да соңғы сәтте сырқаттанып Белградқа бара алмайтын болды. Оның орнын жас балуан Ислам Умаев басты. Жалпы грек-рим құрамасында бәсекелестік артып келеді. Қазір бір салмақта бір-бірін алма-кезек жығып жүрген 3-4 палуаннан бар. Нағыз бабында жүргені ғана боз кілемге шығады. Осы бәсекелестіктің нәтижесінде ұлттық құрама осы жылы Азия біріншілігінде айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Енді палуандар Сербия боз кілемінде де намысты қолдан бермейміз деп отыр. Айдос Сұлтанғали мен Диас Қален, Дінмұхамед Қошқар мен Аманғали Бекболатовтардың барын салатын кезі.

Серік Жұмашев, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері:

– Бүгінгі ғана өзіміздің федерация президенті Дәулет Болатұлы Тұрлыханов келіп, балалармен жиын жасап, ақыл-кеңесін айтып, осы додаға үлкен батасын берді. Құдай қалас сол әлем чемпионатында осы жас палуандарымыз қазағымыздың сенімін артып көк туымызды жоғары көтеріп, еліміздің намысын қолдан бермейді деген сенімдеміз.

ВЕЛОШЕРУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Бір күнде 152 шақырымды жүріп өтті. 5555 шақырымға созылатын халықаралық велошеру жалғасып жатыр. Жоба авторы Ернат Мельсұлы екінші кезеңді артқа тастады. Яғни бұл жолы екі дөңгелекті серігімен Қостанай облысындағы Торғай мен Амангелді елді мекендері арасын жүріп өтті. Әуесқой шабандоз дәл осылай 55 күн бойы жолға шығып, Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысының аумақтарынан өтеді. Кейін теңіз арқылы Баку қаласына жетіп, әрі қарай Әзербайжан, Грузия және Түркия елдеріне де табан тіремек. Соңғы нүкте – Стамбұл қаласы. Ернат бұл сапарын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнап отыр. Сәйкесінше, Аялдаған жерлерінде ұлт ұстанзының еңбектерін насихаттап, білген-түйгенін қазақ және ағылшын тілдерінде әлеуметік желілерге жариялап отырады.

Айта кетейік, қазақстандық әуесқой және кәсіпқой спортшылар арасында бұндай бастама алғаш қолға алынып отыр. 

Сондай-ақ...