Головкин-Альварес кездесуіне дайындық жүріп жатыр

Тура 10 күн қалды. Головкин мен Альварес қыркүйектің 18-і күні кезекті рет, яғни, үшінші рет өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жекпе-жек кеші Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да болады. Қазір қос боксшы соңғы дайындықты пысқытап жатыр. Бұған қоса, тараптар арасында ақпараттық текетітірес те күшейді. Мәселен, мексикалық боксшы Головкинді екіжүзді деп айыптаса, жерлесіміз Альварес өз деңгейіне сай емес деп санайды. Жекпе-жек алдында әлемдегі ең табысты 10 боксшының тізімі жарияланды. Онда Канело 6-шы сатыда тұр. Яғни, мексикалық спортшы биылдың өзінде 180 миллион доллар тапқан. Ал, Генадий Головкин бұл рейтингке ілікпеді. Сәйкесінше, жалпы кірісі жайында да ақпарат жоқ деген сөз. Белгілісі алдағы кездесуден қос боксшы кемі 80 млн доллар көлемінде табыс табады. Бұған қоса, орта салмақтағы WBA, WBC, WBO және IBF чемпиондық белбеулері сарапқа салынады. Айта кетейік, қазақстандық және мексикалық боксшылар арасындағы  бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде «Канело» жеңіске жеткен еді.

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ ТӨРТІНШІ ОРЫНДА  

Шешуші кезеңдер басталды. Испанияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік жалғасып жатыр. Кезекті, яғни, 18-ші кезеңде шабандоздар 192 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде бельгиялық Ремко Эвенепул жеңімпаз атанды.Ол аталған аралықты 4 сағат 45 минут 17 секундта бағындырды. Ал, «Астана» шабандоздары арасынан  Мигель Анхель Лопес мәреге 9-шы болып жетті. Эвенепул екеуінің арасын 13 секунд бөліп тұр. Осының арқасында қазақстандық клуб үздігі жалпы есептегі көрсеткішін де жақсартып, 4-ші орынға көтерілді. Бұнда да топ басында Ремко Эвенепул келеді. «Астана» командасының тағы бір белді спортшысы Самуэле Баттистелла аяқасты  жарыстар шығып қалды. Дәл осы 18-ші кезең алдында оның ковид жұқтырғаны белгілі болды. Қалған жігіттер бәсекені жалғастырады. Вуельта Испания додасының 3 кезеңі қалды. Жарыстың жалпы қорытындысы 11 қыркүйекте белгілі болады.

ЕЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Ел үздіктері анықталды. Шымкентте стэнд атудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 140-қа жуық спортшы жиналды. Жарыстың алғашқы күндері ату спортының трап және скит түрлері бойынша жеңімпаздар белгілі болды. Мәселен, жекелей сындарда жергілікті Сәрсенгүл Рысбекова  мен алматылық Әсем Орынбай , ерлер арасында қызылордалық Максим Коломоец пен алматылық Александр Мухамедиевтер чемпион атанды. Командалық сындарда  да аталған өңірдің споршылары жеңіс тұғырына көтерілді. Бұған қоса, чемпионат аясында  жастар және жасөспірімдер де өзара сынға түсіп, шеберлік шыңдап жатыр. Шымкенттегі ішкі бірінішілік 12 қыркүйекке жейін жалғасады. Кейін үздік спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындалады.