Сербияда күрестен әлем чемпионаты жалғасып жатыр

Сербия астанасы Белградта күрестен әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Ертең жарыстың қола медалі үшін отандасымыз Айдос Сұлтанғали боз кілем төріне шығады. Қазақстандық грек-рим күресі шеберінің қарсыласы әзірге анықталған жоқ. Ол Венгрия мен АҚШ спортшыларының белдесуінен кейін белгілі болмақ. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Айдос жартылай финалда қырғызстандық спортшы Жоламан Шаршенбековктен ұтылған еді.