Қазақстандық теннисшілер Дэвис Кубогінің топтық кезеңіндегі ойындарын өткізеді

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының теннисшілері Дэвис Кубогінің топтық кезеңіндегі алғашқы ойындарын өткізеді.

Спортшыларымыз Нидерландының өкілдерімен сынға түседі. Айта кету керек, отандастарымыз қызғалдақтар елі теннисшілерімен жиі кездесіп жүр. 2019 жылы дәл осы Дэвис Кубогінің ақтық кезеңінде біздің спортшылар қарсыластан 2:1 есебімен басым түскен. Кейін 2020 жылы әлемдік біріншіліктің іріктеу сатысында 3:1 есебімен тізе бүктірген. Қазір Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 9-орында келеді. Ал Нидерланды болса, 20-орынға жайғасқан. Бірақ кей теннисшілеріміз қарсыластарына қарағанда қалыс қалуда. Дегенмен жанкүйерлердің барлығы Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісіне сенімді. Бұл матч бүгін кешкі сағат 21:00-де басталады деп жоспарланған. 

Александр Бублик, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:

- Әрине, теннисте "фаворит" деген болады. Көбіне солар жеңіске жетеді. Дэвис Кубогы ерекші жарыс. Мұнда біз өз еліміздің намысын қорғау үшін келеміз. Сонысымен ерекше.