Рыбакина Словениядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Порторожда (Словения) өтіп жатқан WTA 250 сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Рыбакина екінші айналымдағы кездесуде чехиялық Тереза ​​Мартинкованы 6-4, 6-1 есебімен жеңді. 

Матч 1 сағат 13 минутқа созылды. 

Еске салайық, қазақстандық теннисші бірінші айналымда германиялық Лаура Зигемундты 6:7, 6:4, 7:6 есебімен жеңген болатын.