Қазақстан-АҚШ кездесуіне дайындық жүріп жатыр

Мен тұрған жерді негізі, әдетте, тұманды Альбион деп атайды. Бірақ  келгелі аспан бұнда  осындай ашық, ауа райы тамаша және бұл спорттық мерекенің, теннис мерекесінің жоғарғы деңгейінде өтуіне септігін тигізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иә, Дэвис Кубогын спорттық мереке деуге толық негіз бар. Өйткені, бұнда әлемнің ең үздік теннисшілері жиналды. Олардың арасына Қазақстан да кіреді. Жарыстың алғашқы күні жерлестеріміз Нидерланды құрамасымен жолығып, 2:1есебімен ұтылған болатын. Бірақ, бұл еңсені түсіруге негіз емес дейді спорт сарапшылары. Өтйкені, Дэвис Кубогы қашан да күтпеген, яғни, сенсациялар нәтижелерге толы бәсеке және дәл біздің жігіттер талай рет соның негізгі кейіпкері болды.

Рауан Оқас, спорт сарапшысы:

- Біздің Қазақстан құрамасы үнемі тосын сый жасауға дайын. Олар да қаражаяу емес. Олар да шетелде ойнап жүр.  Рыбакинаның жеңісіңн алайық. Жалпф теннис дамып жатыр. Сондықтан,  кім біледі мүмкін сенсация жасап,и  әлем назарын аудартатын шығармыз. Ондай сәттер болған. Федерерді де, Джоковичті де ұттық, ертең АҚШ құрамасын да ұтамыз деген  сенім бар.

Мен күні бойы жарыс өтетін алаңды жағалап, жігіттердің дайындығын жіті бақылап жүрмін. Көңіл күйлері жақсы. Командадағы атмосфера позитивке толы. Өйткені, жерлестеріміз үмітті үзбейді. Тіпті, сәтін салса топтан шығамыз деген сенім де бар. Әсіресе, ұлттық құрама үздігі Александр Бубликке оны ақтауы қажет. Михаил Кукушкин мен Андрей Голубевтың де бабы жаман емес дейді ұлттық құрама капитаны.

Юрий Щукин, ұлттық құраманың капитаны:

- Бірінші ойында жеңіліп қалсақ та, топтан шығуға тырысамыз. Ондай мүмкіндік бар. Дэвис Кубогының ерекшелігіосында. Бұнда қарсыластардың өзара қалай ойнағаны да маңызды. Біз қазір барығын жіті бақылап, сараптама жасап, алдағы жоспарды нақтылап отырмыз. Ұлттық құрамадағы жігіттер тәжірибелі. Ел алдындағы жауапкершілікті  түсінеді. Сондықтан, алдағы кездесулер сериясында аянып қалмасы анық.

Шотландия мен Қазақстан арасында бес сағаттай уақыт айырмашылығы бар. Сондықтан, Қазақстан мен АҚШ арасындағы матч елорда уақытымен кешкі тоғыздарда басталады. Жалпы қос команда бұған дейін жолықпаған. Әрине, АҚШ тарапы фаворит саналады. Бірақ, біздің жігіттер қарсыластың осал тұсын тауып, қапы қалдыруға тырысамыз деп жатыр. Одан кейін, яғни, бірер күннен кейін Қазақстан Ұлыбританиямен жолығады. Қызығы сол бұл матч екінші Елизабетаның жерлейтін күнмен тұспа-тұс келіп тұр. Бірақ, ол кейінгі шегерілмейді. Жарыс кестеге сәйкес өте береді дейді ұйымдастырушылар. Кейін осы матчтардың жалпы қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтетін екін команда анықталады. Яғни, топтвағы төрт құрамадан екеуі жарфысты жалғастырады деген сөз.

Авторлары: Аслан Қаженов, Жандос Қайролла

Сондай-ақ...