Промоутер: Головкин аш қасқырға ұқсайды

Белгілі промоутер Эдди Хирн мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы трилогия туралы ойын айтты. Геннадий жұлқынып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орта салмақта 15 жыл шаршы алаңда жүрді. Сауль Альваресті жеңу мақсатында екінші орта салмаққа ауысты. «Канело» да қырғын айқасқа дайын болуы керек. Қазір GGG аш қасқыр секілді, - деп келтіреді Хирннің сөзін Fightnews.info порталы. Еске сала кеткен жөн, бұл кездесуде Альвареске тиесілі екінші орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулері сарапқа салынады. Қос боксшы 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде қолғап түйістіреді.

Жамила Бақбергенова Әлем чемпионатының финалына шықты. Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әйелдер күресінен Әлем чемпионатында 72 келіде өнер көрсеткен отандасымыз ақтық сынға жолдама алды. Жамила жартылай финалда румыниялық Анхель Николеттадан басым түсті. Фмналдық бәсекеде отандасымыз америкалық балуан Амит Элормен Әлем чемпионатының алтынын сарапқа салады.

ФК «АҚТӨБЕ» КӨШ БАСЫНДА ҚАЛДЫ

Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясындағы матчта «Ақтөбе» өз алаңында «Таразбен» ойнап, 1:0 есебімен басым түсті. Бірінші тайм алаң иелерінің толық басымдылығымен өтті, бірақ гол соға алмады. Үзілістен кейін ақтөбеліктердің шабуылшысы Сердер Сердеров командасының жеңіс голын соқты. Қазір «Ақтөбенің» 42 ұпайы бар және «Астанадан» 5, «Тобылдан» 7 ұпай озып көш басындағы орнын нығайта түсті. 25 ұпаймен «Тараз» турнир кестесінің сегізінші сатысында. Ал «Астана» өз алаңында «Тобылмен» ойнап, 1:2 есебімен жеңілді. Осы жеңістің арқасында «Тобыл» 35 ұпай жинап, екінші орында тұрған «Астанаға» екі ұпай жақындады.