Дэвис кубогі: Қазақстан құрамасы үшін жауапты сәт. LIVE

Бірер сағаттан кейін теннистен жылдың басты бәсекесі Дэвис кубогі қайта жанданады және оның аясында жерлестеріміз АҚШ құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, қос команда алғаш рет жолыққалы отыр және қос команда үшін де оның маңызы ерекше. Арна тілшісі Аслан Қаженов Глазго қаласынан тікелей эфирге шығып, жауапты сәттен хабардар етті.