Әйелдер күресінен әлем чемпионатында Жәмиля Бақбергенова күміс жүлде олжалады

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әйелдер күресінен Әлем чемпионатында қазақтың қайсар қызы Жәмиля Бақбергенова күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азияның екі дүркін чемпионы финалда америкалық Амит Элормен белдесіп, 0:10 есебімен жеңісті қолдан жіберіп алды. Осылайша, Бақбергенова әлем чемпионатында қатарынан екінші рет күміс олжалады.